№2 Маржанбұлақ орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары үшін кітапханамен “Танысу сағаты” өткізілді. Бұл танысу сағаты балаларды кітапхана өмірімен таныстыруға, олардың кітапқа деген қызығушылығын оятуға және кітапты ұқыпты ұстауға баулуға арналды.
• Оқушыларды кітап бөлімдерімен таныстыру.
• Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
• Оларды кітапты құрметтеуге және ұқыпты ұстауға үйрету.
• Кітапхана ережелерін түсіндіру.
Балалар үшін бұл кітап әлеміне саяхат ретінде ұйымдастырылды, олардың кітапханаға деген ықыласы мен кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталды.



