«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
🗓️ №2 Маржанбұлақ орта мектебінде Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті.
📌 Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
✅ 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңес төрағасы Ж.Шурина баяндама жасады.
✅ Білім беру ұйымы басшысының қайырымдылық көмек құралдарын пайдалану және олардың қозғалысы жөніндегі есебі туралы мектеп директоры Р.Айтжанова таныстырды.
✅ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары туралы Алға аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант И.Отаралин баяндады
✅ «Мектепке жол» акциясы аясында жүзеге асқан “Жақсылық жаса” және Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік көмектер жайында ДТЖЖО А.Тотаева есеп берді.
Кеңес барысында ата-аналар мен төраға тарапынан ұсыныстар айтылып, оқу-тәрбие процесін тиімді жүргізу бойынша пікір алмасты. Қамқоршылық кеңестің жұмысы алда да жалғасын табады.
Қамқоршылық кеңестің 2025-2026 оқу жылына арналған 1-отырысы өтті
№2 Маржанбұлақ орта мектебінде 2025-2026 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету және қаржылай көмек көрсету туралы ақпарат – мектеп тарапынан әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға көмек көрсету жолдары талқыланып, тиісті шаралар белгіленді.
2. Оқулықпен қамту – барлық оқушыларды оқулықтармен толық қамтамасыз ету мәселесі қаралып, дайындық барысы жайлы есеп берілді.
3. “Мектепке жол” акциясы бойынша хабарлама – жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында жүргізіліп жатқан акция бойынша ақпарат берілді.
4. Мектептің ішкі тәртіп ережесі – оқушылар мен ата-аналарға мектеп ережелері мен тәртіп талаптары таныстырылып, бірлесе жұмыс жасау керектігі айтылды.
Отырыс барысында қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, алдағы жұмыстардың нақты бағыты айқындалды.

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




