Қамқоршылық кеңестің 2025-2026 оқу жылына арналған 1-отырысы өтті
№2 Маржанбұлақ орта мектебінде 2025-2026 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету және қаржылай көмек көрсету туралы ақпарат – мектеп тарапынан әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға көмек көрсету жолдары талқыланып, тиісті шаралар белгіленді.
2. Оқулықпен қамту – барлық оқушыларды оқулықтармен толық қамтамасыз ету мәселесі қаралып, дайындық барысы жайлы есеп берілді.
3. “Мектепке жол” акциясы бойынша хабарлама – жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында жүргізіліп жатқан акция бойынша ақпарат берілді.
4. Мектептің ішкі тәртіп ережесі – оқушылар мен ата-аналарға мектеп ережелері мен тәртіп талаптары таныстырылып, бірлесе жұмыс жасау керектігі айтылды.
Отырыс барысында қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, алдағы жұмыстардың нақты бағыты айқындалды.




