Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Өткізген: дене шынықтыру пәні мұғалімі Кадиров Дастан Косбармакович
Жеңімпаздары:
1 орын Сейкалиев Батырхан 5"Ә"
2 орын Орақбаев Ерасыл 7"А"
3 орын Алитуралиев Али-Азамат 7"А"

5"А" класында дене шынықтыру сабағынан ашық сабақ өтті. Тақырыбы:
«Топтық эстафеталық жарыс»
Оқушылардың шапшаңдығын, ептілігін, төзімділігін және командалық жұмыс дағдыларын дамыту мақсатында топтық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау көрсетті. 🤝🏆
Бірлік бар жерде — жеңіс бар! 💪✨
Пән мұғалімі: Дене шынықтыру пәні мұғалімі Кадиров Дастан Косбармакович

Эстетикалық пәндер бірлестігінің " Өнермен - рухани бай бол, Спортпен - шымыр бол,
Шығармашылықпен - биікке самға!" атты апталық аясында 7-11 сынып оқушылары арасында мектепшілік волейбол жарысы өтті.
Жарысқа 6-команда қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Жарыс қортындысы:
🥇орын 10"А" сыныбы.
🥈орын 7-сынып құрама командасы.
🥉орын 9"Ә" сыныбы иеленді.
Жарыс "Үздіктері"
"Үздік ойыншы" Жаманбай Томирис
"Үздік шабуылшы" Малкаумадин Сабина
"Үздік қорғаушы" Боранбаева Құралай
"Үздік байланыстырушы" Сейткалиева Жансая

Құттықтаймыз 👏

Өткізген: Н.Қыстаубаев

08.09.2026ж. Отбасы күніне орай мектебімізде «Менің спорттық жанұям» тақырыбында отбасылық спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – отбасы мүшелерінің бірлігін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту және спортқа деген қызығушылықты арттыру.

🏃‍♀️🏃‍♂️ Сайыс барысында отбасылар түрлі спорттық эстафеталар мен қызықты тапсырмаларға қатысып, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, ұйымшылдығы мен бірлігін көрсетті.

👏 Белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған барлық отбасыларға алғысымызды білдіреміз!

❤️ Спорт – денсаулық кепілі, ал тату отбасы – бақыттың негізі!

⚜️Ұйымдастырушылар: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

 

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі