Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

 

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және ауылдастар!

Сіздерді еліміздің ең маңызды ұлттық мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні – халқымыздың тәуелсіздікке ұмтылысын, елдік мұратын, азаттыққа деген асқақ рухын айшықтайтын ерекше мереке. Бұл күн – Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттырып, бірлік пен ынтымақтың, бейбітшілік пен тұрақтылықтың қадірін терең сезінетін қастерлі күн.

Туған жерге деген құрмет, ел болашағына деген жауапкершілік әрбір азаматтың жүрегінен орын алуы тиіс. Әсіресе, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отансүйгіштік тәрбие беру және саналы, білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру – біздің ортақ міндетіміз.

Біздің мектебіміздің басты мақсаты – сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елін сүйетін, туған жерін құрметтейтін, мемлекетіміздің дамуына үлес қоса алатын азаматтарды тәрбиелеу.

Осы мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстанымыз өркендеп, көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін!

Республика күні құтты болсын!

Ізгі құрметпен,
№2 Маржанбұлақ орта мектебінің директоры
Р. Ж. Айтжанова

 

Құрметті сайт қолданушылары!

№2 Маржанбұлақ орта мектебінің ресми сайтындағы басшы блогына қош келдіңіздер!

Бұл блог – мектеп пен ата-аналар, педагогтер, білім алушылар және қоғам өкілдері арасындағы өзара байланысты нығайтуға, ашық диалог орнатуға және білім беру үдерісіне қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға арналған ресми ақпараттық алаң.

Мектеп қызметінің басты мақсаты – білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасау және педагогтердің кәсіби өсуіне мүмкіндік туғызу.

Блог арқылы мектептің оқу-тәрбие жұмысы, білім сапасын арттыру бағытындағы шаралар, оқушылардың жетістіктері, мектептің даму басымдықтары мен өзекті мәселелері туралы ақпарат ұсынылып отырады.

Сіздер мектеп жұмысына қатысты сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді «Сұрақ қою» бөлімі арқылы жолдай аласыздар. Әрбір өтініш белгіленген тәртіпке сәйкес қаралып, жауап беру құзыретіне жататын мәселелер бойынша тиісті түсініктеме беріледі.

Кері байланыс – мектеп жұмысын жетілдірудің маңызды тетігі. Сіздердің ұсыныстарыңыз мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді деп сенемін.

Құрметпен,

Мектеп басшысы
Айтжанова Рита Жасановна

 

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Білім күні – жаңа үміттер мен жарқын мақсаттардың, ізденіс пен жетістіктердің бастауы. Бұл күн әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше қуанышқа толы. Ал мектеп бітіруші түлектер үшін болашаққа нық қадам басатын жауапты кезеңнің басталуы.

Құрметті ұстаздар! Сіздердің жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалауға лайық. Жаңа оқу жылында кәсіби табыс, шығармашылық шабыт және толағай жетістіктер тілеймін!

Қадірлі ата-аналар! Балаларыңыздың білім жолындағы әрбір қадамы қуанышқа толы болып, олардың жетістіктері отбасыларыңызға мақтаныш сыйласын!

Қымбатты оқушылар! Білімге деген құштарлықтарыңыз артып, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын! Әр күндеріңіз жаңа жаңалықтарға, қызықты ізденістерге және жарқын жеңістерге толы болсын!

Жаңа оқу жылы мектебіміз үшін білім сапасын арттырудың, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудың және бірлескен еңбектің жемісті кезеңі болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, білім жолында биік белестер тілеймін!

Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәттілік пен жетістіктерге толы болсын!

Құрметпен,
№2 Маржанбұлақ орта мектебінің басшысы
Айтжанова Рита Жасановна

Сіздермен мектеп басшысының, түрлі оқиғаларға пікірлер алмасу, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болуы үшін құрылған жеке ресми блогымда сөйлесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өмірімізге толықтай енді деуге болады жəне замануи қоғамның бір бөлігі болып табылады. Интернет коммуникация құралы ретінде азаматтық қоғамды құру жолында маңызды рөл атқарады жəне мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.

Құрметпен, мектеп басшысы

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі