Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Білім күні – жаңа үміттер мен жарқын мақсаттардың, ізденіс пен жетістіктердің бастауы. Бұл күн әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше қуанышқа толы. Ал мектеп бітіруші түлектер үшін болашаққа нық қадам басатын жауапты кезеңнің басталуы.
Құрметті ұстаздар! Сіздердің жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалауға лайық. Жаңа оқу жылында кәсіби табыс, шығармашылық шабыт және толағай жетістіктер тілеймін!
Қадірлі ата-аналар! Балаларыңыздың білім жолындағы әрбір қадамы қуанышқа толы болып, олардың жетістіктері отбасыларыңызға мақтаныш сыйласын!
Қымбатты оқушылар! Білімге деген құштарлықтарыңыз артып, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын! Әр күндеріңіз жаңа жаңалықтарға, қызықты ізденістерге және жарқын жеңістерге толы болсын!
Жаңа оқу жылы мектебіміз үшін білім сапасын арттырудың, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудың және бірлескен еңбектің жемісті кезеңі болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, білім жолында биік белестер тілеймін!
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәттілік пен жетістіктерге толы болсын!
Құрметпен,
№2 Маржанбұлақ орта мектебінің басшысы
Айтжанова Рита Жасановна



