Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

📚 «12 айда – 12 кітап» жобасы: кітап оқуға шақырамыз!

№2 Маржанбұлақ орта мектебінің 3 «Ә» сынып оқушылары «12 айда – 12 кітап» жобасы аясында барша оқушыны кітап оқуға шақырады! 📖✨

Кітап оқу – білім көкжиегін кеңейтіп, сөздік қорды молайтып, ойлау мен қиялды дамытатын пайдалы әдет. Әр оқылған кітап – жаңа білім, жаңа әсер, жаңа әлем!

🌟 Бізбен бірге кітап оқы!

📕📚Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту және жыл бойы 12 кітап оқуға ынталандыру.
📕📕📕
Оқушыларды ай сайын бір кітап оқуға дағдыландыру;
Кітап оқу арқылы оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін және дүниетанымын дамыту;
Көркем әдебиет арқылы адамгершілікке, ізгілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу;

WhatsApp Image 2026 10 20 at 15.47.47

📚📚📚Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру және рухани дүниесін байыту. Кітап оқуға баулу арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайту, білімге құштарлығын арттыру.
Міндеттері:
Оқушыларды көркем әдебиеттерді оқуға қызықтыру.
Кітапты құрметтеуге, ұқыпты ұстауға және күтіп оқуға тәрбиелеу.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

WhatsApp Image 2026 10 20 at 15.38.27

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын оқушыларға кеңінен таныстыру, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
📚📕Оқушыларға қазақ халқының көрнекті ағартушысы, ғалым, ақын, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін қалаудағы еңбегі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту.
Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту.
Ана тілін құрметтеуге, сауатты сөйлеуге, ұлттық мұраны бағалауға және елжандылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасын насихаттау.

WhatsApp Image 2026 10 20 at 14.33.05

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі