«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күзгі демалыс – кітаппен дос болуға тамаша мүмкіндік!🍁
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектебімізде "Күзгі демалыста кітап оқимыз" тақырыбында рухани-танымдық шаралар жалғасуда.
6 «А» сынып оқушысы Мұратұлы Әлихан Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасын қызыға оқып, өз әсерімен бөлісті.
📖 Әр оқушы – бір әлем. Бірі – ертегілерге еніп, қиялға қанат қақса, бірі – тарихи оқиғалар арқылы өткенге саяхат жасауда.
Кітап – ойды өсіреді, санаға сәуле шашады. Күзгі демалысты мазмұнды өткізейік, кітаппен дос болайық! 🍁
Күзгі демалыс – рухани байлықты арттыратын мезгіл! 🍁
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектебіміздің оқушылары "Күзгі демалыста кітап оқимыз" тақырыбында кітап әлеміне саяхат жасауда.
Оралбай Перизат – Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына ерекше қызығушылық танытып, ақынның шығармаларын оқып, өз әсерімен бөлісіп, достарына оқуға ұсынды.
«Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл»
Бүгін мектебімізде Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған танымдық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар батырдың өмір жолы мен Ұлы Отан соғысындағы ерліктерімен танысып, оның ұлт алдындағы еңбегіне терең үңілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, батырдың қайсар рухы мен патриоттық өнегесін дәріптеу.

КІТАП СЫЙЛА – БІЛІМ СЫЙЛА! 🕊️
Өзің оқып болған кітапты мектеп кітапханасына сыйла да, өзгеге жаңа әлемнің есігін ашуға көмектес! 🌍
Кітап – ең қымбат сыйлық, ал білім – мәңгілік байлық.
* Қабылданады:
* Көркем әдебиет
* Балалар кітаптары
* Энциклопедиялар
* Оқулықтар (жақсы күйде)
📌 Өтетін орны: Мектеп кітапханасы
⏰ Уақыты: 23 қазан
Бір кітап – бір үміт!
Кітап сыйла, жүрек жылуын бөліс!



Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



