📚 “Кітап – жан азығы” эссе байқауы өтті!
Бүгін мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдауға бағытталған “Кітап – жан азығы” тақырыбындағы эссе байқауы сәтті өтті.
Бұл байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой ұшқырлығын дамыту және көркем сөзбен ойды жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
✨ Байқауға қатысқан оқушылар өз жүрекжарды пікірлерін, кітаптың адам өміріндегі орны туралы әсерлі ойларын шынайы жеткізе алды. Әр жұмыс өзіне тән ерекшелігімен бағаланды.
👏 Қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздар арнайы марапаттармен және мақтау қағаздарымен ұлықталды.
Кітап – рухани байлықтың бастауы.
Осындай шаралар арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті бірге арттыра берейік! 📖






