Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

🌙 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі ауыл әкімшілігі және учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдерге, сондай-ақ мопед тізгіндеген кәмелетке толмағандарға ескерту жасалып, қауіпсіздік талаптары мен жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

📌 Мұндай профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

WhatsApp Image 2026 10 23 at 19.41.21

⚖️ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

2 қазан күні №2 Маржанбұлақ орта мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 8–11-сынып оқушыларына арналған профилактикалық кездесу өтті.

Кездесуге:
🔹 Алға ауданы ПБ ҚҚБ КТІЖ УПИ, полиция аға лейтенанты Достан Еркебұлан Ермекұлы;
🔹 Алға ауданы ПБ ҚҚБ КТІЖ УПИ, полиция лейтенанты Айтмамбетова Карина Нұрланқызы;
🔹 Алға ауданы Полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің Маржанбұлақ ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Абдрахман Айсултан Мұратқалиұлы қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқықтық жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осындай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға және жауапкершілікті сезінуге бағыттайды.

Ұйымдастырушы: ДТЖЖО А. Тотаева және тәрбие орталығы

✨ ЕР МІНЕЗ, БАТЫЛ ҚАДАМ, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

№2 Маржанбұлақ орта мектебінің «Қайсар» ұлдар ұйымының 8-11 сынып оқушыларына «Ер мінез, батыл қадам, жарқын болашақ» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

🔹 Кездесудің құрметті қонағы – Алға ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз, Алға аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Алға аудандық «Белсенді өмір орталығының» директоры Ергалиева Бақыт Қарагуловна.

🎯 Кездесудің мақсаты – жасөспірім ұлдардың бойына батылдық, қайсарлық, жауапкершілік, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін сіңіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және саналы азамат болып қалыптасуына бағыт-бағдар беру.

💬 Кездесу барысында Бақыт Қарагуловна ер азаматқа тән асыл қасиеттер, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-ана алдындағы парыз, білім мен еңбектің маңызы туралы өнегелі ойларымен бөлісті.

🌟 Сонымен қатар ұл балалардың қоғамдағы жауапкершілігі, дұрыс шешім қабылдау, өзіне сенімді болу, алға мақсат қойып, жарқын болашаққа ұмтылу мәселелері кеңінен талқыланды.

🤝 Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибесі мол ардагер ұстаздан құнды кеңестер алды.

№2 Маржанбұлақ орта мектебінің ұжымына алаяқтықтың алдын алу және одан сақтану тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Алға ауданы ПБ ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенанты А. Абдрахман қатысып, қазіргі таңда жиі кездесетін алаяқтық түрлері, соның ішінде интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер туралы маңызды ақпарат берді.

🔹 Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді бермеу;
🔹 Банк картасының деректері мен SMS-кодтарды құпия сақтау;
🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеу;
🔹 Белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сақтықпен қарау;
🔹 Күмәнді жағдайларда құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

Кездесу барысында мектеп қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріліп, алаяқтардың арбауына түспеу үшін әр азаматтың ақпараттық сауаттылығы мен сақтығы маңызды екені атап өтілді.

WhatsApp Image 2026 09 21 at 09.05.47

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі