📌 “Жалпы ортақ Заң және Тәртіп күні” акциясы аясында №2 Маржанбұлақ орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына “Закладка” қысқаметражды фильм көрсетілді.
Фильм арқылы оқушыларға нашақорлықтың зияны, құқықбұзушылықтың салдары және өмірлік жауапкершілік туралы мағлұмат берілді. Көрсетілімнен кейін оқушылармен пікірталас, сұрақ-жауап, талдау жұмыстары жүргізілді.
Шараның мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға, қауіпті әрекеттерден аулақ болуға шақыру.



