Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

«ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» 

25 қазан – Республика күніне орай №2 Маржанбұлақ орта мектебінде «Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

✨ Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тәуелсіздігінің құндылығын дәріптеу, ұлттық рух пен патриоттық тәрбиені нығайту.

🏅 Мереке қарсаңында білім беру саласындағы қажырлы еңбегі мен жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жетістіктері үшін бірқатар әріптестеріміз Алға аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

🎶 Мерекелік концерт барысында оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін әсем әндерімен жеткізіп, домбыраның күмбірлеген үнімен ұлттық өнеріміздің құдіретін паш етті. Әуелеген ән мен төгілген күй көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл күй қалыптастырды.

👏 Мерекелік концерттің ұйымдастырушылары:
🔹 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – А. Тотаева;
🔹 Мектептің тәрбие орталығы;
🔹 Музыка пәнінің мұғалімі – С. Алдамжаров;
🔹 5-сынып жетекшілері.

🌷 ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ! 🌷 №2 Маржанбұлақ орта мектебінің «Сырғалым» қыздар ұйымынына «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі: әдеп, парасат және жауапкершілік» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. 🌺 Кездесудің құрметті қонағы – Алға ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз, Алға аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Алға аудандық «Белсенді өмір орталығының» директоры Ергалиева Бақыт Қарагуловна. ✨ Кездесудің басты мақсаты – қыз балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, инабаттылыққа, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және жауапкершілік сезімін арттыру. 💐 Тағылымды жүздесу барысында Бақыт Қарагуловна қыз тәрбиесінің маңыздылығы, қазақ қызына тән әдеп пен парасат, ар-намыс пен абырой, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы құнды ойларымен бөлісті. 🌷 Қыздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибесі мол ардагер ұстаздың ақыл-кеңестерін тыңдады. Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу жас ұрпаққа рухани азық болып, ерекше әсер қалдырды. Ұйымдастырушы: Тәрбие орталығы

🍁🍂 «КҮЗГІ АСАР» – БЕРЕКЕ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ! 🍂🍁

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында №2 Маржанбұлақ орта мектебінде «Күзгі асар» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырылды.

🎯 Мақсаты: Оқушыларды еңбекқорлыққа, шығармашылыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және күз мезгілінің молшылығы мен берекесін насихаттау.

🍎🌽 Көрмеге оқушылар күзгі табиғаттың әсемдігін бейнелейтін, жемістер мен көкөністерден жасалған ерекше қолөнер бұйымдарын, түрлі композициялар мен шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

🎨 Әрбір туындыдан оқушылардың қиялы, ізденісі, шеберлігі мен еңбексүйгіштігі айқын көрінді.

🌿 «Күзгі асар» көрмесі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, адал еңбектің қадірін түсінуге, бірлік пен ынтымақты бағалауға ықпал етті.

🌿 «МҰҒАЛІМНІҢ ӘЛ-АУҚАТЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ» Мектебімізде «Мұғалімнің әл-ауқаты – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Кездесудің құрметті қонағы – Алға ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз, Алға аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Алға аудандық «Белсенді өмір орталығының» директоры Ергалиева Бакыт Қарагуловна болды. Кездесу барысында ұстаз еңбегінің маңызы, педагогтің кәсіби және рухани әл-ауқаты, ұжымдағы жағымды қарым-қатынас пен сапалы білім берудің өзара байланысы туралы мазмұнды ойлар айтылды. Бакыт Қарагуловна өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, ұстаздарға құнды кеңестері мен жүрекжарды тілегін жеткізді. 🌷 ✨ Тағылымы мол кездесу ұстаздарға ерекше әсер сыйлап, жаңа серпін мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі