🌿1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мектебімізде «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін бағалау, оқушыларға үлкенді сыйлау дәстүрін насихаттау.
Іс-шара барысында қазыналы қарияларға жылы лебіздер айтылып, оқушылар өлең оқып, ән айтып, күй орындап, өз өнерлерін көрсетті. Қариялардың өнегелі өмір жолы мен кейінгі ұрпаққа берер ақыл-кеңесінің маңызы атап өтілді.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, соңында қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілектері айтылды.
Ұйымдастырушы: тәрбие орталығы және аға тәлімгер А. Дәрібаева



