«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
⚖️ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет»
9-сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның қоғамға тигізетін кері әсері, адалдық пен әділдіктің маңызы туралы ақпарат алды. Сондай-ақ түрлі жағдаяттарды талқылап, заңды құрметтеу, жауапкершілік пен адалдық қағидаларын ұстану жөнінде өз ойларын ортаға салды.
🎯 Сабақтың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу.
🤝 Адалдық – әр азаматтан басталады!
Өткізген: С. Шункеева

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында «Менің Қазақстаным!» тақырыбында жиындарда Мемлекеттік Әнұранды орындау
№2 Маржанбұлақ орта мектебінде әр аптаның дүйсенбі күні дәстүрлі түрде жалпы мектепішілік жиын ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны салтанатты түрде орындалады.
Мақсаты: Оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жиын барысында оқушылар мен педагогтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірлесе орындады. Сонымен қатар оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы, оларды құрметтеу әрбір азаматтың парызы екендігі түсіндірілді.
Аталған іс-шара оқушылардың патриоттық сезімдерін нығайтуға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің құндылығын түсінуге бағытталды.
📌 «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әр адамның парызы» тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, оның қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат беру және әділдік, адалдық секілді адами құндылықтарды насихаттау.
🔍 Сабақ барысында:
▪️ Сыбайлас жемқорлыққа қатысты бейнероликтер көрсетілді;
▪️ Оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, жағдайлар талқыланды;
▪️ «Адал бол!» атты мотивациялық сәт өткізілді.
💬 «Адалдық – ардың ісі» екенін ұмытпайық. Әр адам әділ әрі заңға сай өмір сүрсе – қоғам дамиды, болашақ нұрлы болады!

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»тақырыбында 11-сынып оқушыларына арналған адалдық сағаты өтті.
Шараны ДТЖЖО А. Тотаева өткізіп, оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, адалдық пен әділдік ұстанымдарының маңызы туралы түсіндірді.
🔍 Тақырып аясында оқушылармен пікірталас ұйымдастырылды.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




