«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2025 жылғы мамырында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.
Байқауға қатысуға 10 пен 25 жас аралығындағы жастар шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.
Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың екі номинация – «Үздік постер», «Үздік сүрет» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар а.ж. 1 қазанына дейін қабылданады.
Еліміздің қатысушыларымен дайындалған конкурстық жұмыстарды іріктеу Агенттікпен құрылатын Ұлттық конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады.
Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (а.ж. 9 желтоқсан) орай жоспарлануда.
Конкурсқа қатысуға шақырамыз!
⚖️”Құқықтық тәрбие, құқықтық жігер”
⚖️Заң және тәртіп” іс-шаралар жоспары аясында 2025 жылдың 24 ақпан күні 6-7 класс оқушыларына «Құқықтық тәрбие, құқықтық жігер» тақырыбында Алға ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Отаралин Ильяс Сагимбаевич оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуде учаскелік полиция инспекторы оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және оның алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушылар арасында тәртіп бұзушылық туралы, буллинг, әлімжеттік, бопсалау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
🚫”Сыбайлас жемқорлықсыз- жарқын болашақ” тақырыбында класс жетекшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуын тежейтін, әлеуметтік әділеттілікке нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Парақорлық, қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, заңсыз баю – мұның бәрі қоғамдағы сенімсіздікті арттырып, елдің болашағына қауіп төндіретіні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Біз бұл мәселемен күресті әркім өзінен бастауы керек екенін ұмытпауымыз қажет. Әділдік пен ашықтықты талап ету, заңды сақтау және жемқорлыққа төзбеушілік таныту – әрбір азаматтың міндеті.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







