🚫”Сыбайлас жемқорлықсыз- жарқын болашақ” тақырыбында класс жетекшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуын тежейтін, әлеуметтік әділеттілікке нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Парақорлық, қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, заңсыз баю – мұның бәрі қоғамдағы сенімсіздікті арттырып, елдің болашағына қауіп төндіретіні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Біз бұл мәселемен күресті әркім өзінен бастауы керек екенін ұмытпауымыз қажет. Әділдік пен ашықтықты талап ету, заңды сақтау және жемқорлыққа төзбеушілік таныту – әрбір азаматтың міндеті.



