«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында мектептің бракераж комиссиясының мүшелері асхана жұмысына кезекті бақылау жүргізді.
Бақылау барысында асханада ұсынылатын буфеттік өнімдердің түрлері, тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сертификаттар және басқа да тиісті құжаттар тексерілді. Сонымен қатар санитарлық талаптардың сақталуына және асхана жұмысының ұйымдастырылуына назар аударылды.
📌 Оқушылардың дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.


Мектеп медбикесі И. Шегетаеваның ұйымдастыруымен оқушылар арасында “Тамақтан уланудың алдын алу” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 🥼🍽️
Сабақ барысында оқушыларға сапасыз немесе дұрыс сақталмаған тағамдарды тұтынудың салдары, тамақтан уланудың белгілері мен алғашқы көмек көрсету жолдары түсіндірілді.
Мақсат – оқушылардың тамақтану мәдениетін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Мектеп медбикесі И. Шегетаева оқушыларға арналған “Фастфуд тағамдарының ағзаға әсері”тақырыбында танымдық сабақ өткізді. 🍔🥤
Сабақ барысында фастфудтың денсаулыққа зияны, атап айтқанда семіздік, асқорыту жүйесінің бұзылуы, жүрек-қантамыр ауруларының қаупі жайында кеңінен түсіндірілді.
🔹 Оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғынып, дұрыс тамақтану ережелерімен танысты.
🔹 Тақырып соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білді.
Мақсат – жас ұрпақтың денсаулығын сақтауға бағытталған саналы таңдау жасауға тәрбиелеу.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



