Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында «Менің Қазақстаным!» тақырыбында жиындарда Мемлекеттік Әнұранды орындау
№2 Маржанбұлақ орта мектебінде әр аптаның дүйсенбі күні дәстүрлі түрде жалпы мектепішілік жиын ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны салтанатты түрде орындалады.
Мақсаты: Оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жиын барысында оқушылар мен педагогтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірлесе орындады. Сонымен қатар оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы, оларды құрметтеу әрбір азаматтың парызы екендігі түсіндірілді.
Аталған іс-шара оқушылардың патриоттық сезімдерін нығайтуға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің құндылығын түсінуге бағытталды.



