«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
🌿 «БАҚЫТТЫ БАЛА – САНАЛЫ АТА-АНАНЫҢ ЖЕМІСІ»
№2 Маржанбұлақ орта мектебінде ата-аналарға арналған «Бақытты бала – саналы ата-ананың жемісі» тақырыбында тағылымды кездесу өткізілді.
Кездесудің құрметті қонағы – Алға ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз, Алға аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Алға аудандық «Белсенді өмір» орталығының директоры Ергалиева Бақыт Қарагуловна болды.
🌸 Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасындағы сыйластық пен жауапкершілік, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесінің маңызы туралы құнды ойлар айтылды. Бақыт Қарагуловна өзінің өмірлік және ұстаздық тәжірибесімен бөлісіп, ата-аналарға тағылымды кеңестерін жеткізді.
🤝 Осындай кездесулер мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершіліктің маңызын арттыра түседі.
💐 Тағылымы мол әңгімесі мен өнегелі ойлары үшін Бақыт Қарагуловнаға алғысымызды білдіреміз!
👨👩👧👦 ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ
Отбасы күніне орай Алға ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес №2 Маржанбұлақ орта мектебінде «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегері Бисалиевтер отбасымен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Бисалиевтер отбасы шаңырақтың берекесі мен бірлігін сақтау, бала тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, адал еңбек пен отбасылық құндылықтардың маңызы туралы өнегелі әңгімелерімен бөлісті.
Сонымен қатар отбасының еңбек жолы мен жетістіктері туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға үлгі боларлық өмір жолы таныстырылды. Оқушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Бұл кездесу жас ұрпақтың бойына отбасына деген құрмет, жауапкершілік, еңбекқорлық, сыйластық пен бірлік секілді асыл қасиеттерді сіңіруге бағытталған әсерлі әрі мазмұнды шара болды.
🎙️ «ДИРЕКТОРМЕН СҰҚБАТ» – АЛҒАШҚЫ ПОДКАСТ
Мектебімізде ерекше әрі жаңа бастама жүзеге асты! ✨
«Сырғалым» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен мектеп тарихында алғаш рет «Директормен сұқбат» атты подкаст түсірілді.
Подкаст барысында мектеп директоры оқушылардың қызықты сауалдарына жауап беріп, білім, тәрбие, мектеп өмірі мен оқушының тұлғалық дамуы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Еркін форматта өткен сұқбат оқушыларға өздерін толғандырған сұрақтарды ашық қойып, мектеп басшысымен жақынырақ пікір алмасуға мүмкіндік берді.
💫 Бұл – оқушы үніне құлақ асатын, ашық қарым-қатынас пен еркін пікір алмасуға бағытталған жаңа бастама!
🎧 Алғашқы подкаст – жаңа идеялардың бастауы!
⚜️Ұйымдастырушылар: Тәрбие орталығы
🌿1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мектебімізде «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін бағалау, оқушыларға үлкенді сыйлау дәстүрін насихаттау.
Іс-шара барысында қазыналы қарияларға жылы лебіздер айтылып, оқушылар өлең оқып, ән айтып, күй орындап, өз өнерлерін көрсетті. Қариялардың өнегелі өмір жолы мен кейінгі ұрпаққа берер ақыл-кеңесінің маңызы атап өтілді.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, соңында қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілектері айтылды.
Ұйымдастырушы: тәрбие орталығы және аға тәлімгер А. Дәрібаева
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



