🌙 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі ауыл әкімшілігі және учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдерге, сондай-ақ мопед тізгіндеген кәмелетке толмағандарға ескерту жасалып, қауіпсіздік талаптары мен жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
📌 Мұндай профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.




