№2 Маржанбұлақ орта мектебінің ұжымына алаяқтықтың алдын алу және одан сақтану тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Алға ауданы ПБ ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенанты А. Абдрахман қатысып, қазіргі таңда жиі кездесетін алаяқтық түрлері, соның ішінде интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер туралы маңызды ақпарат берді.
🔹 Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді бермеу;
🔹 Банк картасының деректері мен SMS-кодтарды құпия сақтау;
🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеу;
🔹 Белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға сақтықпен қарау;
🔹 Күмәнді жағдайларда құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі түсіндірілді.
Кездесу барысында мектеп қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріліп, алаяқтардың арбауына түспеу үшін әр азаматтың ақпараттық сауаттылығы мен сақтығы маңызды екені атап өтілді.




