Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

№2 Маржанбұлақ орта мектебінде 9–11-сынып оқушыларының құқық қорғау органдары өкілдерімен профилактикалық кездесуі өтті.

Кездесуге:
🔹 Алға ауданы ПБ бастығы, полиция подполковнигі Н.К. Ибраев;
🔹 Алға ауданы ПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Т. Шотанов;
🔹 Алға ауданы ПБ ҚҚБ УПИ, полиция аға лейтенанты А. Абдрахман қатысты.

Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, алаяқтықтан сақтану, буллинг пен суицидтің алдын алу, ерте жүктіліктің салдары, мотоцикл және басқа да көлік құралдарын басқару кезіндегі қауіпсіздік, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері кеңінен қозғалды.

Құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау жөнінде маңызды түсіндірмелер берді.

📌 Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық пен жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды.

Заңды құрметтеу – тәртіптің, ал тәртіп – қауіпсіздіктің негізі!

WhatsApp Image 2026 09 09 at 10.16.41

📌 “Жалпы ортақ Заң және Тәртіп күні” акциясы аясында №2 Маржанбұлақ орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына “Закладка” қысқаметражды фильм көрсетілді.

Фильм арқылы оқушыларға нашақорлықтың зияны, құқықбұзушылықтың салдары және өмірлік жауапкершілік туралы мағлұмат берілді. Көрсетілімнен кейін оқушылармен пікірталас, сұрақ-жауап, талдау жұмыстары жүргізілді.

Шараның мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға, қауіпті әрекеттерден аулақ болуға шақыру.

 

 

🔐 Алаяқтықтан сақ бол!

«№2 Маржанбұлақ орта мектебі» КММ-де мүдделі органданмен бірлескен кибералаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Алға ауданы ПБ ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты И.С.Отаралин және Алға ауданы ПБ ЖПҚБ УПИ көмекшісі полиция аға лейтенанты
А.Абдрахман оқушыларға кибералаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

📱 Жиын барысында алаяқтықтың түрлері, жеке деректердің қауіпсіздігі, бөтен сілтемелер мен күмәнді аккаунттардан сақтану жолдары туралы нақты мысалдар келтіріліп, оқушыларға пайдалы кеңестер берілді.

🛡️ Мақсат — жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, онлайн қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

 

WhatsApp Image 2026 02 24 at 16.30.51

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі