№2 Маржанбұлақ орта мектебінде 9–11-сынып оқушыларының құқық қорғау органдары өкілдерімен профилактикалық кездесуі өтті.
Кездесуге:
🔹 Алға ауданы ПБ бастығы, полиция подполковнигі Н.К. Ибраев;
🔹 Алға ауданы ПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Т. Шотанов;
🔹 Алға ауданы ПБ ҚҚБ УПИ, полиция аға лейтенанты А. Абдрахман қатысты.
Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, алаяқтықтан сақтану, буллинг пен суицидтің алдын алу, ерте жүктіліктің салдары, мотоцикл және басқа да көлік құралдарын басқару кезіндегі қауіпсіздік, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері кеңінен қозғалды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау жөнінде маңызды түсіндірмелер берді.
📌 Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық пен жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды.
Заңды құрметтеу – тәртіптің, ал тәртіп – қауіпсіздіктің негізі!




