«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
📚 5 ҚЫРКҮЙЕК – ТІЛДЕР КҮНІ!
Тіл – халықтың жаны, рухани байлығы мен болмысы.
Осыған орай мектебімізде «Тіл – тұғырым, ел – қыдырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде қазақ тілінің дамуына үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов сынды ұлт зиялыларының еңбектері, сондай-ақ тіл, әдебиет және мәдениет тақырыптарына арналған түрлі танымдық кітаптар қойылды.
Мақсат – оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, ана тіліміздің құндылығын дәріптеу және көркем сөзге, әдебиетке қызығушылығын дамыту.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы!
Осы мерейлі датаға орай «Менің өмірімдегі Конституция» тақырыбында 4"Ә" кл. оқушысы Төлеген Раянаның жүрекжарды тартуын ұсынамыз.Әр бала үшін Ата Заң – тек құқықтар мен міндеттер жиынтығы емес, ол – еркін ойлау, арманға ұмтылу және өз елінің болашағына сенім.
Мектебіміздің оқушылары Жеңіс күніне арналған құттықтау челленджіне белсене қатысып, ардагер аталарымызға жүрекжарды тілектерін жолдады.
Ұрпақ есінде – ерлік ұмытылмайды!
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 МАРЖАНБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




