«Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл»
Бүгін мектебімізде Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған танымдық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар батырдың өмір жолы мен Ұлы Отан соғысындағы ерліктерімен танысып, оның ұлт алдындағы еңбегіне терең үңілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, батырдың қайсар рухы мен патриоттық өнегесін дәріптеу.




