📚 5 ҚЫРКҮЙЕК – ТІЛДЕР КҮНІ!
Тіл – халықтың жаны, рухани байлығы мен болмысы.
Осыған орай мектебімізде «Тіл – тұғырым, ел – қыдырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде қазақ тілінің дамуына үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов сынды ұлт зиялыларының еңбектері, сондай-ақ тіл, әдебиет және мәдениет тақырыптарына арналған түрлі танымдық кітаптар қойылды.
Мақсат – оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, ана тіліміздің құндылығын дәріптеу және көркем сөзге, әдебиетке қызығушылығын дамыту.




