Күзгі демалыс – кітаппен дос болуға тамаша мүмкіндік!🍁
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектебімізде "Күзгі демалыста кітап оқимыз" тақырыбында рухани-танымдық шаралар жалғасуда.
6 «А» сынып оқушысы Мұратұлы Әлихан Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасын қызыға оқып, өз әсерімен бөлісті.
📖 Әр оқушы – бір әлем. Бірі – ертегілерге еніп, қиялға қанат қақса, бірі – тарихи оқиғалар арқылы өткенге саяхат жасауда.
Кітап – ойды өсіреді, санаға сәуле шашады. Күзгі демалысты мазмұнды өткізейік, кітаппен дос болайық! 🍁



