Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын оқушыларға кеңінен таныстыру, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
📚📕Оқушыларға қазақ халқының көрнекті ағартушысы, ғалым, ақын, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін қалаудағы еңбегі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту.
Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту.
Ана тілін құрметтеуге, сауатты сөйлеуге, ұлттық мұраны бағалауға және елжандылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасын насихаттау.




