Құрметті сайт қолданушылары!
№2 Маржанбұлақ орта мектебінің ресми сайтындағы басшы блогына қош келдіңіздер!
Бұл блог – мектеп пен ата-аналар, педагогтер, білім алушылар және қоғам өкілдері арасындағы өзара байланысты нығайтуға, ашық диалог орнатуға және білім беру үдерісіне қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға арналған ресми ақпараттық алаң.
Мектеп қызметінің басты мақсаты – білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасау және педагогтердің кәсіби өсуіне мүмкіндік туғызу.
Блог арқылы мектептің оқу-тәрбие жұмысы, білім сапасын арттыру бағытындағы шаралар, оқушылардың жетістіктері, мектептің даму басымдықтары мен өзекті мәселелері туралы ақпарат ұсынылып отырады.
Сіздер мектеп жұмысына қатысты сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді «Сұрақ қою» бөлімі арқылы жолдай аласыздар. Әрбір өтініш белгіленген тәртіпке сәйкес қаралып, жауап беру құзыретіне жататын мәселелер бойынша тиісті түсініктеме беріледі.
Кері байланыс – мектеп жұмысын жетілдірудің маңызды тетігі. Сіздердің ұсыныстарыңыз мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді деп сенемін.
Құрметпен,
Мектеп басшысы
Айтжанова Рита Жасановна



