№2 Маржанбұлақ орта мектебінің 1 даярлық тобының кішкентай жұлдызы Серік Аянат Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңін тебірене оқып, көпшіліктің жүрегінен орын алды.
Балауса баланың жүрегінен шыққан әрбір шумақ – Абайдың асыл мұрасын құрметтеудің жарқын көрінісі.
Мұндай дарынды, елжанды өрендеріміз көп болғай!
Абайды оқыған ұрпақ – ұлттың үміті!
#Абай180жыл



